Қазақстандық кәсіпқой боксшы қарсыласымен тең түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой бокшы Ержан Залилов Мәскеуде украиналық Арнольд Хегаймен жекпе-жек өткізіп, тең түсті.

Сегіз раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер ұпай саны бойынша қос боксшы арасындағы кездесуде тең нәтиже тіркеді. Осыған дейін Ержан шаршы алаңда 4 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен болатын. Ал Арнольд Хегай осал қарсылас емес еді. Спорттық мансабындағы 5 кездесуінде де жеңіске жеткен. Оның 4-ін мезгілінен бұрын аяқтаған, деп хабарлайды massaget.kz.

Айта кетейік, Ержан Залиловтың келесі кездесуі өтетін уақыт та белгілі. 22 жастағы қазақстандық боксшы 18 маусым күні Валенсияда (Испания) колумбиялық Джефферсон Варгаспен жұдырықтасады. Ол кәсіпқой рингте 3 кездесу өткізіп, 2-еуінде жеңіліс тапқан. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.