Қазақстандық кәсіпқой боксшы Роман Жайлауов алғаш рет жеңіліс тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Роман Жайлауов өзінің 16-шы жекпе-жегінде жеңіліс тапты.

Бірінші жартылай салмақта өнер көрсететін қазақ боксшысының қарсыласы Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Томпсон Моквана болды.

Гуатенгта (БАӘ) өткен кездесуде қазылар жеңісті жергілікті боксшыға берді. Есеп - 78:77, 75:77, 75:77.

Айта кетейік, биыл 13 сәуірде Жайлауов "Golden Gloves Promotions" промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасқан. Жылдың соңына дейін ол тағы бір жекпе-жек өткізуді жоспарлауда.