Орта салмақта Геннадий Головкин тізімнің үшінші сатысында қалды. Біріншіорын украиналық Сергей Деревянченкоға тиесілі. Бұған дейін хабарлағанымыздай, GGGДеревянченкомен әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізуі ықтимал.
Мейірім Нұрсұлтанов 11-ден 10-ыншы орынға көтерілді.
Жартылай орта салмақ санатында бұған дейін 14-інші позициядан көрініпкелген Бақтияр Эюбов ТОП-15-тен шығып қалды.
Нұрсұлтан Жанабаев рангтар туралы табельге 15-інші болып енді. Бұл дивизиондаәлем чемпионы атағы Эррол Спенске тиесілі. Ал бірінші орында өзбек боксшысы Кудратилло Абдукахоров тұр.