Осыған дейін төрт кездесу өткізіп, барлығын да мерзімінен бұрын аяқтаған Айдос Ербосынұлы бесінші айқасында 23 наурыз күні Нью-Йоркта жергілікті боксшы Майкл Митчеллмен (4-7-2) жұдырықтаспақ болған еді.
Алайда, жекпе-жек жақындаған уақытта қарсыласы белгісіз себептерге байланысты кездесуден бас тартты.
Енді ол тағы бір америкалық боксшы Риаруса Дадлимен (5-1-1, 2 КО) айқаспақ.
Біздің отандасымыз Айдос Ербосынұлы төрт кездесудің екеуін Украинада, қалған екі жекпе-жекті өз елімізде өткізген болатын. Ал 23 наурыздағы айқасы АҚШ аумағындағы алғашқы жекпе-жегі болмақ.