Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеп, іске асыруға ықпал етеді, жалдамалы жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғауды ұйымдастыруда түрлі жұмыстар жүргізеді және Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының мүшесі ретінде елдің қоғамдық-саяси өміріне атсалысады. Атқарушы комитет мүшелері ел Президентінің кәсіподақ қозғалысын қалыптастыру және дамытудағы рөлін атап өтіп, Елбасы саясатының арқасында еңбеккер мемлекеттің басты тірегіне айналғанына басты назар аударды, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметінен. Президенттің Қазақстан халқына Жолдаулары, стратегиялық құжаттар мен мемлекеттік бағдарламалар елдің табысты әлеуметтік-экономикалық дамуына, еңбеккер мәртебесінің өсуіне, әлеуметтік-еңбек қатынастарының жетілдірілуіне, жұмыссыздықты азайту, қоғамдық бірлестіктер мен кәсіподақтардың азаматтық қоғамды қалыптастырудағы рөлінің артуына бағытталған, деп атап өтті Кәсіподақтар федерациясы атқарушы комитетінің мүшелері.
18:19, 13 Наурыз 2015
Қазақстандық кәсіподақтар Н.Назарбаевтың сайлауға қатысу туралы шешімін қолдайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Кәсіподақтар федерациясы атқарушы комитетінің мүшелері кезекті отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауға қатысу туралы шешіміне қолдау білдірді.