«Кеден ісі саласындағы жедел жағдайлар мен анықталған қылмыс фактілерін талдау қылмыстың 70%-нан астамы экономикалық контрабандаға (ҚР ҚК 209-бабы) жататындығын, қылмыстың 6%-ға жуығы айналыстан алынған заттардың контрабандасымен (ҚР ҚК 250-бабы) байланысты, ал 4% - салықтарды төлеуден жалтарудан (ҚР ҚК 214-бабы) екенін көрсетті»,-дейді ҚМ Кедендік бақылау комитеті Контрабандаға қарсы күрес жөніндегі басқарма бастығы Нариман Мүсілімов .
Басқарма бастығының айтуынша, ағымдағы жылдың біріншіжартысында қазақстандық кеденшілер 433 қылмыстық іс қозғады, бұл алдыңғы жылғы бірінші жартыжылдықтың көрсеткіштерінен екі есе көп.
Қылмыстық іс бойынша тәркіленген тауарлар мен валюталардың сомасы 3,8 млрд. теңгені құрады.
Кеден ісі саласындағы қылмысқа қарсы күресте негізгі күш экономикалық қылмысқа қарсы әрекетті жүргізу. Ағымдағы жылы кеден органының құқық қорғау бөлімшелері жалған декларациялау, құжаттарды алмастыру және «тауарларды бүркемелеуді» пайдаланумен байланысты «жалған транзит» және «сұр импорт» сияқты бірқатар ірі арналарды анықтады.
Алушы Қазақстанда тіркелген, қайырымдылық ұйымдарының бірі болып табылатын гуманитарлық жүктердің түрлерімен халық тұтынатын тауарларды контрабандалық әкелу схемасының алдын алды.
Осы фактіні, өзге де қоғамдық қорлар мен ұйымдардың қылмыстық схемаларын пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін Кедендік бақылау комитетінде арнайы топ құрылды, тексеру шаралары жүргізілуде, қорытындылары бойынша бұзушыларға тиісті шаралар қолданылатын болады.
Сондай-ақ, Қазақстанда бірінші жартыжылдықтың ішінде жалпы сомасы 1,3 млрд. теңгеге заңсыз әкелінген 323 автокөлік құралдары анықталды, 144 қылмыстық іс қозғалды.
«2013 жылғы 6 ай ішінде валюталарды заңсыз алып өту фактілері бойынша 15 қылмыстық іс қозғалды, тәркіленген валюталардың жалпы баламалы сомасы 86 млн. теңгені құрайды. Жеке тұлғалармен ақша қаражаттарын өткізудің негізгі бағыттары бұрынғыша ҚХР, БАЭ, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа елдер болуда.
Есірткі құралдары мен басқа тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына қарсы әрекет бойынша бірінші жартыжылдықта кеден органдары 32 қылмыстық іс қозғады, заңсыз айналымнан 100 келіге жуық түрлі есірткі құралдары тәркіленді, оның ішінде 21 келіден астамы - героин»,-дейді ҚМ Кедендік бақылау комитеті Контрабандаға қарсы күрес жөніндегі басқарма бастығы.