Қазақстандық кеденшілер 143,2 млн. теңге сомасындағы контрабандалық тауарлардың жолын кесті

None
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - 14-20 қазан аралығында Қазақстан Республикасының кеден органдарының жедел және қызметтік әрекеттерінің барысында жалпы сомасы 143 260 737 теңге болатын 5 қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы ҚР ҚМ КБК баспасөз қызметінен хабарлады.

Шығын мөлшері 137 829 580 теңгені құрады. Сонымен қатар, 76 әкімшілік іс қозғалды. 1 286 373 теңге айыппұл салынды.

Ағымдағы жылдың тоғыз айында Қазақстан Республикасының кедендік органдарымен 9,5 млрд теңге болатын тауарларға қатысты 552 қылмыстық іс қозғалды.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.