Кеше Лос-Анжелесте американдық киноакадемиясының президенті Том Ширак пен актриса Энн Хэтэуэй «Оскар-2009» сыйына үміткер номинанттардың тізімін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ермек Тұрсыновтың «Келін» фильмі өзге елдердің сегіз фильмімен қатар «Үздік шетелдік фильм» аталымы бойынша жартылай финалға өткен болатын. Алайда, кеше белгілі болғандай, қазақстандық кинотуынды «Оскар» жүлдесі үшін таласатын үздік бестіктің қатарына іліге алмады.
Бұл аталымда Австрияның режиссері Михаэл Ханэкенің «Ақ лента» жұмысы жүлдеге басты үміткер ретінде қазірдің өзінде жұртшылық назарын аударып отыр. Аталған картина осыған дейін көптеген беделді жүлделер алып үлгерді.
Оскар жеңімпаздары наурыздың 7-сі күні өтетін салтанатты табыстау рәсімінде белгілі болады.