75 келі салмақта шаршы алаңға көтерілген отандасымыз, Қытайдағы танымал спортшы Жаң Янгке қарсы жұдырықтасып, қарсыласын 2 минут 15 секундта нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, Kunlun Fight Қытайдағы ең танымал аралас жекпе-жек турнирі болып, әр жылы 30 турнир өткізіледі. Бұған дейін қазақстандық танымал спортшы Бейбіт Назаров та осы турнирдің чемпионы атанған болатын.