Азия құрлығы көшбасшыларының бірі - Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында заманауи кикбоксингтің үш бөліміне қатысты: К-1, лоу-кик және фулл-контакт. Өткен жарыс нәтижесі бойынша тәжірибелі бапкер Қайрат Смағұловтың басшылығымен 31 спортшыдан тұратын біздің команда жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Командамыздың қанжығасында 24 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль бар. Азия чемпионатының нәтижесі бойынша үздік бапкер қазақстандық коуч Сансызбай Ибраев атанды.
22:40, 21 Тамыз 2015
Қазақстандық кикбоксшылар Азия чемпионатында 24 алтын медаль ұтты (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1-9 тамыз аралығында Үндістанның Пуна қаласында кикбоксингтен кезекті Азия чемпионаты өтті, оған «сары» құрылықтың 17 елінен мықты «файтерлер» қатысты. Бұл туралы ШҰК және СР дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.