деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жергілікті спорт әуесқойлары асыға күтіп отырған кикбоксшылардың жекпе-жегі 76 киләға дейінгі салмақ санаттарында өтеді және оған Армения, Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Украина өкілдері қатысады.
Турнирді ұйымдастырушылардың айтуынша, осымен үшінші рет өткізіліп отырған спорттық думанды жүргізуге әлемнің күшті атлеттерінің бірі, ресейлік танымал шоумен Александр Турчинский шақырылып отыр. Ал турнирдің құрметті қонақтарының қатарында - ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Олег Тахтаров болады.