Қазақстандық кино өнімдерінің сапасын арттыру керек - ҚР Президенті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кинематографистер одағының басшысы Е.Тұрсыновпен кездесті. Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгін өзінің twitter-дегі парақшасында жазды.

«Қазақстан кинематографистер одағының басшысы Е.Тұрсыновпен ұлттық киноның бүгіні мен болашағы туралы сөйлестік. Ұлттық кино - еліміздің мәдени келбетінің көрінісі. Сондықтан, кино өнімдерінің сапасын арттыру керек»,-деп жазды Мемлекет басшысы.