Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ-ы мен "Кентавр продакш" ЖШС-і бірлесіп түсірген бұл фильмнің жанры - жастар киносы. Ұзақтығы 1,3 сағат болатын кинотуындыда басты кейіпкерлер Азамат пен Айшаны сомдаған Данияр Қанатқалиев пен Құралай Анарбекованың бұл кинодағы алғашқы рөлдері.
"Бастапқыда оған жүздеген үміткерлердің арасынан іріктеп алынған басқа актерлар бекітілген болатын. Алайда соңғы сәтте ешқандай фото және бейне тексерусіз ішкі түйсікпен Данияр мен Құралайды таңдап алдым. Данияр оқу орнын бітірген жас актер, ал Құрайлайдың мүлде актерлік кәсіби білімі жоқ. Осыған қарамастан екеуі де сенімді толық ақтап шықты", - дейді режиссер Т. Теменов.