АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан қазақстандық клубтардың биылғы еурокубок ойындарын қай кезеңнен бастайтыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ел чемпионы - «Астана» Чемпиондар лигасын бірінші іріктеу сатысынан бастайды.
Ал Конференция лигасында сынға түсетін қостанайлық «Тобыл» аталған жарыста алғашқы ойындарын бірінші іріктеу сатысында өткізеді. Олар былтыр ел чемпионатында қола жүлдеге қол созған еді.
Сондай-ақ, ел кубогының иегері - шымкенттік «Ордабасы» мен күміс жүлдегер - «Ақтөбе» Конференция лигасының екінші іріктеу сатысында ойнайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Еуропа чемпионатында ойнайтын Қазақстан футбол құрамасының тізімі жарияланды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.