Қазақстандық клубтардың еурокубоктағы ықтимал қарсыластары белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық клубтардың UEFA Конференция лигасы үшінші сатысындағы ықтимал қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл еліміздің атынан Конференция лигасында «Тобыл» (Қостанай), «Ақтөбе» және «Ордабасы» (Шымкент) командалары сынға түседі.

Конференция лигасы үшінші сатысында «Тобыл» «Дерри Сити» (Ирландия) және КуПС (Финляндия), «Ақтөбе» ЦСКА София (Болгария) және «Сепси» (Румыния), «Ордабасы» Аустрия» (Австрия) және «Борац» (Босния и Герцеговина) жұбының жеңімпаздарымен кездесуі ықтимал.

Одан бұрын қазақстандық командалар екінші іріктеу сатысынан өтуі тиіс. Жарыстың аталған сатысында «Тобыл» Швейцарияның «Базель», «Ақтөбе» Грузияның «Торпедо Кутаиси», «Ордабасы» Польшаның «Легия» клубтарымен ойнайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Астананың» еурокубоктың үшінші сатысындағы ықтимал қарсыластары анықталды.