АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық «Ақтөбе» және «Тобыл» командаларының Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысындағы қарымта ойындары қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды, деп хабарлқұайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сол күні аталған турнирде елорда уақытымен 22.00-де «Ақтөбе» өз алаңында Румынияның «Сепси» клубымен ойнайды.
Жанкүйерлер кездесуді «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Алғашқы кездесуде командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Ақтөбелік команда Конференция лигасының екінші іріктеу сатысында Грузияның «Торпедо Кутаиси» клубын (4:1, 1:2) орта жолда қалдырды.
Ал Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Солтүстік Ирландияның «Дерри Сити» командасымен шеберлік байқасады.
Бірінші ойында қостанайлық клуб қарсыласын 2:1 есебіментізе бүктірді.
Ойын 00.35-те басталып, ««Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетсек, Конференция лигасының алғашқы екі іріктеу сатысында қостанайлық клуб Финляндияның «Хонка» (0:0, 2:1), Швейцарияның «Базель» (3:1, 1:2) клубтарын қапы қалдырды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.