Еліміздің атынан енді аталған турнирдің екінші іріктеу сатысында «Астана», «Қайрат» және «Қызылжар» командалары сынға түседі.
Елордада өтетін «Астана» және Польшаның «Ракув» командалары арасындағы кездесу 28 шілдеде 21:00-де басталады.
Ал Венгрияның «Кишварда» және «Қайрат» арасындағы ойын елорда уақытымен 22:00-ге белгіленсе, Хорватияның «Осиек» және «Қызылжар» командалары 00:30-де жасыл алаңға шығады.
Айта кетсек, екінші іріктеу сатысында қазақстандық «Астана» Польшаның «Ракув» командасынан 0:5, «Қайрат» Венгрияның «Кашвердасынан» 0:1, «Қызылжар» Хорватияның «Осиегінен» 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Аталған командалар қарымта кездесуді 28 шілде күні өткізеді.
Еске салсақ, әзірге қазақстандық клубтар қатарынан «Тобыл» ғана үшінші іріктеу сатысына жолдама алды. Қостанайлық клуб екі ойынның нәтижесімен (2:0, 1:0) Гибралтардың «Линкольн Ред Импс» командасын орта жолда қалдырды.