НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі қазақстандық клубтардың қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Петропавлдың «Қызылжары» еурокубок ойындарын Хорватияның «Осиек» командасымен бастайды. Ал «Астана» аталған кезеңде Польшаның «Кишварда» клубымен шеберлік байқасады. Алматының «Қайраты» Венгрияның «Кишварда» клубымен ойнайды.
Жарыстың аталған сатысындағы ойындар 21 және 28 шілде күндеріне белгіленген.
Қостанайлық клуб аталған турнирдің екінші іріктеу сатысына өткен жағдайда «Слован» (Словакия) және «Динамо Батуми» (Грузия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Жеңілген жағдайда Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында «Шкупи» (Македония) және «Линкольн» (Гибралтар) жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Сондай-ақ қостанайлық «Тобылдың» футболдан UEFA Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.