«Қазақстанда қоғам жетілді деп айта аламыз. Ол талай кезеңдерден өтіп, саналы әрі дұрыс таңдау жасайтын қоғамға айналды. Соңғы жылдары Қазақстанның дамуы, қол жеткізген тұрақтылығымыз, елорданы және өзге де облыстарды өркендетудегі жемістеріміз - бұл барлық азамат қолдайтын вектор және барша қазақстандық оған үлес қосуға талпынады», - деді Ә.Кәукенов.
Оның сөзіне қарағанда, «қоғамның әр жауапты мүшесі сайлау - елдің жетістігін нығайтып, оның демократияға деген бағытын күшейтетін элемент екенін түсінеді». «Ашығын айтсақ, сайлауға дейін де қазақстандықтардың дауыс беруге келетіні белгілі болды. Бұл қазақстандықтар және жалпы қазақстандық қоғамның жоғары даму кезеңінен өтіп жатқанымен байланысты. Бұл өркендеу қоғамның әр мүшесіне нақты және айқын сезілетін жетістіктер әкеледі. Қазақстандықтар бұл мүмкіндікті сақтап қалғысы келетіндері түсінікті»,- деді ол.