Бұл туралы ҚазАқпараттың тілшісіне Республикалық ғылыми-тәжірибелік «Дарын» орталығынан хабарланды.
Атап айтқанда, күміс медальді Талдықорған қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» 10 сынып оқушысы Ернияз Нұрғабылов жеңіп алды. Оның достары, Тараз қаласындағы Қазақ-түрік лицейінің 9 сынып оқушысы Серғазы Қалмырзаев пен Қостанай қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектептің 10-шы сынып оқушысы Әкежан Сайланбаев және Ө. Жәутіков атындағы атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математикалық орта мектеп-интернатының оқушысы Әлібек Сайланбаев қола медаль еншіледі. Сондай-ақ Ө. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математикалық орта мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Сәкен Душаев қола медальді олжалады. Әділ қазылар Алматыдағы №134 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Темірлан Измаиловты мақтау қағазымен марапаттады.
Олимпиадаға 100 елден келген 548 оқушы қатысты. Кезекті IMO-2013 (Халықаралық математика олимпиадасы) Колумбияда өтеді.