Қазақстандық командалардың Еуропа лигасында алғашқы кездесулерін өткізетін уақыт белгілі болды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 маусымда үш қазақстандық команда Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі кездесулерін өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Астана уақытымен 20:00-де «Ақтөбе» командасы венгерлік «МТК Будапешт» командасымен ойынын бастайды. Ал 00:00-де албандық «Теута» мен «Қайрат» командалары арасындағы матч басталмақ. Одан жарты сағаттан кейін «Ордабасы» мен Сербияның «Чукарички» командаларының ойыны басталады.