Қазақстандық командалардың Конференция лигасындағы қарсыластары белгілі болды
Енді үшінші іріктеу сатысында «Тобыл» Босния және Герцоговинаның «Зриньски», «Қызылжар» Кипрдің АПОЭЛ командаларымен кездеседі.
Ойындар 4 және 11 тамыз күндері өткізіледі.
Петропавлдың «Қызылжары» да сырт алаңда Хорватияның «Осиегін» 2:0 есебімен жеңіп кетті. Алғашқы ойында хорватиялық команда 2:1 есебімен басым түскен болатын.
Нәтижесінде қазақстандық клуб жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ, «Тобыл» үшінші іріктеу сатысына шықты.
Қостанайлық клуб екі ойынның нәтижесімен (2:0, 1:0) Гибралтардың «Линкольн Ред Импс» командасын орта жолда қалдырды.
Ал алматылық «Қайрат» Венгрияда «Кашверда» командасына 0:1 есебімен жол берді. Олар алғашқы кездесуде өз алаңында дәл сол есеппен қарсыласына есе жіберген еді.
Елордалық «Астана» екі ойынның (0:1 0:4) нәтижесімен Польшаның «Ракув» клубынан жеңілді.