НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Тобыл» және «Қызылжар» командаларының UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысынла қай командалармен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Енді үшінші іріктеу сатысында «Тобыл» Босния және Герцоговинаның «Зриньски», «Қызылжар» Кипрдің АПОЭЛ командаларымен кездеседі.
Ойындар 4 және 11 тамыз күндері өткізіледі.
Петропавлдың «Қызылжары» да сырт алаңда Хорватияның «Осиегін» 2:0 есебімен жеңіп кетті. Алғашқы ойында хорватиялық команда 2:1 есебімен басым түскен болатын.
Нәтижесінде қазақстандық клуб жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ, «Тобыл» үшінші іріктеу сатысына шықты.
Қостанайлық клуб екі ойынның нәтижесімен (2:0, 1:0) Гибралтардың «Линкольн Ред Импс» командасын орта жолда қалдырды.
Ал алматылық «Қайрат» Венгрияда «Кашверда» командасына 0:1 есебімен жол берді. Олар алғашқы кездесуде өз алаңында дәл сол есеппен қарсыласына есе жіберген еді.
Елордалық «Астана» екі ойынның (0:1 0:4) нәтижесімен Польшаның «Ракув» клубынан жеңілді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.