Қазақстандық компания «Christian DIOR» брендін сақтандырды
17:08, 07 Қыркүйек 2009
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Қазақстандық «Еуразия» сақтандыру компаниясы «Christian DIOR» брендін сақтандыратын болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат сақтандыру компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Компания тарапынан жалпы сақтандыру көлемі 1 555 700 АҚШ долларын құраған.Келісімге сәйкес, қазақстандық компания белгілі брендтің зергерлік бұйымдарын ұрлау тәуекелін сақтандырған.