Қазақстандық компания Қырғызстандағы кенішті игеруге $430 млн инвестициялаған
13:33, 26 Қыркүйек 2018
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қазақстандық KAZ Minerals Bozymchak компаниясы Қырғызстандағы Бозымчак жезді-алтын кен ошағына 10 жылда 430 млн доллар құйған, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
Бұл туралы Қазақстанның Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Кәрім Көкірекбаевтың кен-байыту комбинатына сапары кезінде компанияның бас директоры Ілияс Төлекеев айтты.
Қырғыз Республикасының оңтүстік-батысында орналасқан Бозымчак - KAZ Minerals компаниясының Қазақстаннан тысқары жерде орналасқан алғашқы жобасы.