Меморандумға сәйкес, 2017 жылдан 2018 жылға дейін Шанхайға 50 мың тоннадан артық бидай жеткізіледі. Болашақта бұл көрсеткішті арттыру жоспарланып отыр.
Шанхайдағы ҚР Бас консулдығы ҚазАқпарат тілшісіне «Ricom Trading Limited» компаниясының ҚХР нарығында қазақстандық бидай мен ұн өнімдерінің жоғарылауын арттыруға қызмет жасайтындығын айтты.
Қазіргі уақытта қазақстандық өндірушілермен өнімдердің бағасы келісіліп, жеткізу бағыттары анықталды.
Азық-түлік тауарларының 80-ге жуық түріне сертификат құжаттарын алған тағы бір қазақстандық компания - «Астау» да қазақстандық өнімді ҚХР нарығына шығару ісімен айналысады. Бүгінгі таңда компания Қазақстан өнімдерін өткізу жөнінде Шанхайдың 4 мыңнан астам дүкендерін біріктіретін «Bailan Group» дүкендер желісімен келісім жасасқан.