Көрме мұнай саласындағы Каспий маңы өңірлерінің ірі іс-шарасы болып табылады, биыл бұл шарада 30 елден 289 компания бас қосты. Олардың арасында төрт қазақстандық компания - Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, Caspian Offshore Construction және «Еділ-Орал.kz» ЖШС бар.
«Көрме нәтижелі өтіп жатыр, біздің өнімімізге қызығушылық танытқан әлеуетті серіктестермен келіссөздер жүргізудеміз. Осы жылы өзара ынтымақтастық өз жемісін беретініне сенімдімін», - деді Alageum Electric холдингтік компаниясының өкілі Әмір Ғалымов.
Caspian Offshore Construction бизнесті дамыту жөніндегі үйлестіруші Виталий Кириенконың айтуынша, бұл көрме басқа компаниялармен байланыс орнатып, оларме достық қарым-қатынас жасауға септігін тигізуде.