«Біз отандық тауар өндірушілерге жылына 30 миллиард доллар сомасына тапсырыс жинадық. Бұл субъектілердің барлығына мониторинг жасалып отырады», - деді Н.Сауранбаев.
Оның айтуынша, қазір ҚР-да жүргізілетін сатып алулардың сапасына үлкен көңіл бөлінеді. «Мен бүгінгі алаң сапалық өзгерістер әкелгенін қалаймын. Сіздер қажетті тауарлар тобын анықтап, алдағы 5-10 жылға ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қоясыздар деп үміттенемін. Бұл өте маңызды», - деді вице-министр форум қатысушыларына.