Қазақстандық компаниялар Өзбекстан рыногына шықпақшы - Ташкенттегі көрме
18:10, 03 Қараша 2009
ТАШКЕНТ. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Сейсенбі күні Ташкенттегі «Өзэкспоорталықта» «Орталықазиялық өндірістік апталық - Central Asian Industrial Week» халықаралық мамандандырылған форумының ашылуы болды.
Форум жұмысына 19 елден келген 80-нен астам компаниялар қатысуда. Қатысушы елдердің ішінде: Беларус, Венгрия, Ұлыбритания, Германия, Иран, Қазақстан, Қытай, Нидерланды, Ресей, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Украина, Финляндия, Чехия, Швейцария, Швеция, Эстония, Жапония бар.
Қазақстаннан көрмеге - «СЕВ-ЕВРОДРАЙВ», «Дистрилаб», «LSH International», «Силумин-Шығыс» деп аталатын төрт серіктестік қатысуда.
«Әзірге біздердің Өзбекстанда әріптестеріміз жоқ. Алайда біздер осы елдің рыногына шығу мүмкіндіктерін қарастырудамыз», - деді «Силумин-Шығыс» ЖШС бөлімінің басшысы Дмитрий Лукин.
Көрме ағымдағы жылғы қарашаның 6-сына дейін өтеді.