деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қазақстандық компанияларға барлық салада да ғаламдық инвесторлардан үлкен қызығушылық байқалуда. Биыл Қазақстан қор биржасына бірқатар жаңа эмитенттер қосылады деп үміт артып отырмыз. Жақын арада үлкен семинар жиындары өтеді. Онда сарапшылар қазақстандық компанияларға ғаламдық инвестиция тартуға көмектесетін болады", дейді Алматы қаласындағы Өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қанапиянов. Ал "Қазақстан қор биржасы" АҚ-ның вице-президенті Андрей Цалюктің айтуынша, елде осы уақытқа дейін жұмыс істеп келген инвесторлар Қазақстанның басымдығын жақсы түсінеді және республикадағы өз қызметін жалғастыруға ықыласты. "Ағымдағы жылы Қазақстан қор нарығының әлемдік сценариймен дамуының алғашқы жылы болмақ. Әлемдік тәжірибеде компаниялар листингтен ІРО жүргізу үшін биржаға өз акцияларын орналастыру үшін өтеді. Өкінішке орай, өткен 16 жылдың ішінде Қазақстан қор биржасында 2-ақ рет ІРО жүргізілді. Оның біреуі «ҚазМұнайГаз» Өндіру. Барлау» компаниясы болса, екіншісі маңғыстаулық бір компания болды. Қор нарығы алаңында жаңа компанияларды көру үшін Қазақстан қор биржасы өз тарапынан оларды ынталандыру бағдарламасын қарап, кездесу қадамдарын жасауға әзір", дейді Андрей Цалюк.