Қазақстандық конькиші әлем кубогі кезеңінде екінші орын алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық конькиші Демьян Гаврилов әлем кубогі кезеңінде екінші болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Херенванда (Нидерланд) конькимен жүгіру спорты бойынша әлем кубогінің екінші кезеңі өтіп жатыр.

Бүгін ерлер арасында 1500 м қашықтық бойынша бәсеке өтті.

Қазақстандық спортшылар арасында Демьян Гаврилов тиісті қашықтықты 1:47:170 уақытта бағындырып, кіші күмісті иеленді.

Тағы бір қазақстандық спортшы Дмитрий Морозов 11-орын алды.