АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Надежда Морозова конькимен жүгіруден Әлем кубогының 4-кезеңінде мәре сызығын үшінші болып қиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетсек, аталған бәсеке Канаданың Калгари қаласында өтіп жатыр.
Жарыстың 2 күнінде қазақстандық Надежда Морозова 1500 метрге жарыста үшінші нәтиже көрсетті. Ол тек жапон Михо Такаги мен нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонгке есе жіберді.
Бір апта бұрын ол Калгариде өткен 3-кезеңде 1500 метрде Надежда күміс жүлдеге қол созды.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық конькиші Денис Никиша Алматыда өтіп жатқан шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдесін жеңіп алды.
Фото: olympic.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.