Қазақстандық конькиші Максим Баклашкин - студенттер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстандық Максим Баклашкин Польшаның Закопан қаласында өткен студенттер арасындағы коньки спортынан әлем чемпионатында 1500 метр қашықтықта қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Vesti.kz.

Елордалық спортшы  бұл қашықтықты 1 минут және 53,44 секундта еңсеріп, поляк  Ян Шуманскиге  (1:50,25) және норвег Эспен Твейтке (1:52,66) жол берді.  Қазақстанның тағы бір өкілі Виталий Мальгинов 15-ші (1:58,34) болып келді.

Сондай-ақ Баклашкин 5000 метрлік қашықтықта 11-ші болды. Бұл қашықтықта қазақстандықтардан бесінші болып келген Никита Ставцев жақсы нәтиже көрсетті. Мальгинов - 12-ші, ал Максим Сергиенко - 13 орындарды қанағат тұтты.