Қазақстандық қор биржасы мен Алматы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңдарын біріктіру үдерісі аяқталды

АЛМАТЫ. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Қазақстандық қор биржасы мен мен Алматы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңдарын біріктіру үдерісі аяқталды. Кешеден бері екі сауда алаңын біріктіру нәтижесінен туған «Қазақстандық қор биржасы» АҚ-ның құнды қағаздарының арнайы тізім жасалып, іске қосылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Осыған сәйкес бұдан былай  Қазақстандық қор биржасы Алматы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы саналады. Екі сауда алаңын біріктіру жұмысын Алматы өңірлік қаржы орталығы мен  Қазақстандық қор биржасы, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарынреттеумен қадағалау агенттігі тарапынан құрылған арнайы комиссия жүзеге асырған. Бірігуге байланысты  Қазақстандық қор биржасының ішкі құжаттары қайта жасалып, жаңа листингтік ереже қабылданды.