Қазақстандық көркем гимнастшы Азия кубогының үш «алтынын» иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолияда өткен көркем гимнастикадан Азия кубогында қазақстандық Айдана Сарыбай бірнеше медаль олжалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Айдана шығыршық, ұршық және таспамен жаттығуда үш «алтын» иеленсе, доппен жаттығуда күміс жүлдегер атанды. 

Сондай-ақ жасөспірімдер арасында сынға түскен Эльжана Таниева да үш алтын медальға қол жеткізді. Ол шығыршық, доп және таспамен жаттығуда үздіктер қатарынан көрініп, ұршықпен жаттығуда «күмісті» қанағат тұтты.

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда көркем гимнастикадан Азия кубогы 25-28 қазан күндері аралығында өтті.