НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресей астанасы Мәскеуде көркем гимнастикадан өтетін Гран-при турнирі мен халықаралық жарыста Қазақстанның үздіктері - Алина Әділханова мен Адиля Тілекенова ел намысын қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, аталған дода 7-9 ақпан аралығында Мәскеуде өтеді.
Алина Әділханова 7-8 ақпан күндері Алина Кабаеваның жүлдесі үшін халықаралық турнирде ел намысын қорғаса, Азия ойындарының жеңімпазы, құрама үздігі Адиля Тілекенов 7-9 ақпан аралығында өтетін көркем гимнастикадан Гран-при турнирінде сынға түседі.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.