ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, қос боксшының мүддесін Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы қорғайды.
Спортшылардың ресми өкілдерінің айтуынша, Айдостың жекпе-жегінде WBO Global, WBC Asia және WBA International титулдары сарапқа салынады, ал Нұрсұлтан Жаңабаев WBA Intercontinental белдігіне таласады.
«Олардың қарсыластары әзірге белгісіз. Анығы, бокс кеші «Алматы Арена» мұз айдынында, Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылады», - делінген жазбада.