НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар, Team Kazakhstan академиясының тәрбиеленушілері Аружан Сағындықова мен Максим Батютенко Аустралия ашықчемпионатының жасөспірімдер турнирінде ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, осылайша ел теннисі тарихында алғаш рет қос қазақстандық жасөспірім «Үлкен дулыға» додасында сынға түспекші.
Аружан жарысты негізгі кезеңнен бастайды. Максим іріктеу сайыстарында бақ сынайды.
А.Сағындықова мен М.Батютенко – Қазақстанның 18 жасқа дейінгілер арасындағы бірінші ракеткалары.
Теміртаулық, 16 жастағы М.Батютенко осыған дейін ITF сериясымен төрт турнирде (екеуі жекелей, тағы екеуі жұптық сында) жеңімпаз атанды. Ал 17 жастағы Аружан алты рет осындай титулға (үшеуі жекелей, үшеуі жұптық сында) қол жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның
чемпиондық рейтингіде екінші орынға көтерілгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).