Жарыс үш жас ерекшелігі бойынша өтті: әйелдер, жасөспірім қыздар және кадеттер.
Қазақстан атынан жасөспірім қыздар ғана өнер көрсетті. Нәтижесінде қоржынымызда - бір алтын медаль және бір бесінші орын.
51 келі салмақ дәрежесінде Кристина Яловенко чемпион болды. Бұл салмақ санатында 10 спортшы бақ таластырды. К.Яловенко квалификациялық турнирді өткізіп жіберіп, күресті ¼ финалдан бастады. Бұл кезеңде ол Венгрия спортшысы Ригитта Нагиді 3:0 есебімен жеңді. Ал финалға жолдаманы алу үшін Польша бойжеткені Сильвия Сульчпен алаңға шықты. Жеңіс қазақстандық қыздың қолында.
Ақтық сында Кристина Төменгі Силезия (Польша) өкілі Лона Амилусикпен кездесіп, 5:0, 8:1 есебімен айқын жеңіске жетті.
Бесінші орынға 67 келі салмақ дәрежесінде Гүлмарал Еркебаева қол жеткізді.