«Бүгін Алматыға Түркиядан 38 адам келді. Олардың 33-і республикалық жедел құтқару жасағының сарбазы, 5 апаттар медицинасының дәрігері бар. Ертең осы бортпен Астанаға өзге де құтқарушылар келеді. Олардың арасында Қарағанды, Астана және Көкшетаудың құтқарушылары бар»,-деді ол.
Айта кетейік, бүгін, 18 ақпан күні Алматы әуежайына Түркиядан қазақстандық құқарушылардың алғашқы тобы келді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында сөйлеген сөзінде құтқарушылардың Түркиядан оралған соң міндетті түрде марапатталатынын айтқан болатын.
Еламан Тұрысбеков