Гүлжанат Жанатбек 21 шақырымдық қашықтықты бәрінен бұрын еңсеріп, 5 мың долларды құрайтын ақшалай жүлдені иеленді. Ол Қазақстан жеңіл атлетикасы құрамының мүшесі. 1991 жылы туған, яғни, Тәуелсіздіктің құрдасы болып шықты. ҚХР-дағы ҚР Елшісі оған медаль табыс етті.
Екінші орынды Кения өкілі, үшінші орынды Өзбекстан спортшысы алды.
Еске салсақ, марафонға ШЫҰ-ға мүше 18 елдің өкілдері, сондай-ақ басқа да елдердің спортшылары қатысуда.
Бұдан бұрын «ҚазАқпаратқа» хабарлағандай, ШЫҰ бас хатшысы Рашид Әлімов шара Юньнань провинциясының өңірлік биліктері есебінен және демеушілік көмектен қаржыландырылғанын хабарлаған.
Оның айтуынша, марафон дәстүрге еніп, саммит немесе ШЫҰ шаралар жоспарына сәйкес, ірі шара ұйымдастыратын елдерде өтеді.