Қазақстандық қыздар жағажай волейболынан әлем чемпионатында алғашқы жеңіске қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Волейболдан Қазақстанның қыздар құрамасы жағажай волейболынан Голландиядағы әлем чемпионатында кезекті матчын өткізді.

Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова топтық ойынның екінші турында гветамальдық Мария Хосе Ореллана/Мария Андреа Орелланна Арагон жұбын айқын басымдықпен жеңді -2:0 (21:7, 21:2).

Қазақстандықтар кезекті ойынды 29 маусымда канадалық дуэт Паредес/Пишкемен өткізеді, деп хабарлайды sports.kz.