өтеді. Бұл туралы «Назарбаев орталығының» қоғаммен байланыс орталығы хабарлайды.
Форумның мақсаты - тәуелсіздік жылдарындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалыптастырған дамудың «қазақстандық жолы» жетістіктерін отандастарымыздың тағдыры арқылы көрсету.
Форум жұмысына Отанға деген махаббат пен патриотизмді бәрінен де қымбат құндылық деп санайтын қазақстандықтар қатысады. Олардың арасында Халық Қаһарманы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев,Талдықорған қаласының «Ардагер әжелер» облыстық комитетінің төрайымыДина Нұрғалиева, «Отан», «Парасат», «Достық» ордендерінің кавалері, «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэр, Қарағанды облысы Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Арай» ансамблінің солист-әншісі Меруеш Башай және басқа да көптеген қазақстандықтар бар.
Іс-шараға ҚР Парламенті мүшелері, мемлекеттік орган өкілдері, көрнекті қоғам және саясат қайраткерлері, мәдениет пен өнер, білім мен денсаулық саласы, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар, экономиканың түрлі секторы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Республикалық форум аясында тақырыпқа сай фотокөрме ашылады, оны биылғы 30 шілдеге дейін тамашалауға болады.