«Барлығыңызға сәлем! Менің келесі жекпе-жегім таяуда, 15 маусымда Лос-Анджелесте өтеді. Билеттер құны 55$. Барлығыңызды келесі айқасымда көрсем, қуанар едім. Құрметпен, сіздердің Lady Sparta. Алға, Қазақстан!» - деп жазды Аида Instagram парақшасында.
Еске салайық, Сатыбалдинова алдағы жекпе-жекте америкалық дебютант Пеппер Шэниан Диксонмен күш сынайды. Айқас жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді және төрт раундқа созылмақ.