НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Яндекс.Музыка» стриминг қызметі 2020 жылды қорытындылап, түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздарды жариялады. Қазақстандық музыкант және музыкалық продюсер Monaldin-нің (Мадияр Оңалдин) танымал әнші K-Maro-ның «Femme Like U» әніне жасаған ремиксі «Жылдың үздік электронды әні» атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әнші Эмма Питерспен бірге жасалған ремикс әлемдік музыкалық чарттарда озып шығып, биылғы жаздың хитіне айналды. Трек әлемнің Shazam қосымшаларында, жиырма елде бірінші орынға шықты және музыкалық платформаларда миллиондаған адам тыңдаған.
Өзінің Instagram парақшасында музыкант жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін рахмет айтты.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.