Машықтану шеңберінде магистранттар Ресей ЖОО студенттеріне арналған аэроғарыш өнеркәсібі мамандарын даярлауды жүзеге асыратын Аэроғарыш онкүндігіне қатысты. Машықтану қорытындысы бойынша магистранттарға онкүндікке белсенді қатысқаны үшін сертификаттар мен грамоталар тапсырылды.
14:00, 12 Қазан 2013
Қазақстандық магистранттар Мәскеудегі аэроғарыш өнеркәсібінде машықтанудан өтті
АЛМАТЫ. 12 қазан. ҚазАқпарат - Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ «Ғарыш техникасы және технологиясы» мамандығының 12 магистранты тұңғыш рет Мәскеу авиация институты жанындағы Оқу орталығында машықтанудан ойдағыдай өтті.