Іріктеу байқауынан өткен 12 жаңа қызметкердің алғашқы жұмыс күні компания басшылығымен кездесуден басталды.
Компания президенті Ғабдуллатиф Мырзақұлов кездесуге қатысушыларға Жерді қашықтықтан зондтау бойынша ҚР ғарыш жүйесін, жоғары дәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру және ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені құрылысы туралы айтып берді. Бұл «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» алдындағы негізгі мақсаттар болып табылады.
Оқытуға топ іріктеу шарасы 2012 жылы басталған болатын әрі «Қазсат-3» жобасы бойынша жас мамандарды даярлау ісіне компания бюджетінен мол қаржы бөлініп отыр.
Бірінші кезеңде мамандар ғарыштық ұшу аппараттарын жалпы жобалау курстарында теориялық білім алады. Сабақтар үш ай бойы ресейлік мамандардың дәріс беруімен Астанада өтеді.
Екінші кезеңде олар «Қазсат-3» спутнигі жобасы бойынша теориялық білімді Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Железногорск қаласында орналасқан «Решетнев атындағы ақпараттық спутниктік жүйе» ААҚ-да игереді.
Мамандар үшінші кезеңде де тәжірибелік машықты Ресейдің Красноярск қаласында орналасқан академик М.Решетнев атындағы Сібір мемлекеттік аэроғарыш университетінің ресурстық орталығында үйренеді.
Ресейдегі оқу жарты жылға есептелінген. Оқу аяқталғаннан кейін қазақстандық мамандар сәйкестік сертификатын алады.