«ТЫДА семинары көп нәрсеге үйретті. Ең алдымен, біз неге қабілеттіміз, ал TRT-ның хабар тарату артықшылықтары қандай, соны салыстырдым. Кей тұста біздің графистер озып жатыр, сондай-ақ әріптестеріміздің тәжірибесімен алмастық. TRT-ның техникалық жабдықталуы мені таңқалдырды, автоматизациялау жақсы жолға қойылған», - деді «Қазақстан» РТРК» АҚ техникалық директорының орынбасары Нұржан Мұстафин.
Айта кетейік, 24-29 шілде күндері өткен семинарды ТЫДА ұйымдастырды.