Н. Жүсіп - Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы. Онымен бірге Қазақстан атынан олимпиадаға Алматы қаласынан тағы үш мектеп оқушысы қатысты.
25-ші ИХО 2013 жылғы 6-13 шілде аралығында Брисбен қаласында (Австралия) өтті. Ұйымдастырушылар Австралиялық математиктер кеңесі және Квинсленд Университеті (The University of Queensland, UQ) болды. Ғылыми сайысқа әлемнің 78 елінен 306 оқушы қатысты. Келесі олимпиада Тайваньда өтеді.