Қазақстандық мерген Әлем Кубогының қола жүлдегері атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Александра Ле Үндістанның Бхопал қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Әлем Кубогының кезеңінде 10 метрден пневматикалық винтовкамен оқ атудан жүлде алды.

Фото: gov.kz

Ол бұл сайыста 261.2 ұпай жинады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мадхья-Прадеш штатындағы бұл жарысқа әлемнің 31 елінен 208 таңдаулы спортшы жиналды. Бұл қатарда 18 қазақстандық бар. Әлем кубогының кезеңі 27 наурызда аяқталады.